Ислам революциясы Сақшылар корпусының өкілі Хоссейн Мохебби жаңа соғыс басталған жағдайда Иран жойқын қару қолданылатынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусының ресми өкілі, бригада генералы Хоссейн Мохебби Иранның әскери қару-жарақ саласында күн сайын дамып, қаруларын бұрынғыдан да дәлірек, жойқын әрі жоғары технологиялық етіп шығаратынын баса айтты. Мохеббидің айтуынша, Иран зымырандарының оқтұмсықтары бұған дейінгі қақтығыстарда қолданылған қарулармен салыстырғанда әлдеқайда жойқын.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының өкілі жаңа соғыс өрті тұтанған жағдайда, Иранның әскери әлеуеті мен қару-жарақ түрлері барлық өлшемдер бойынша мүлдем өзгеше сипатқа ие болатынын айтты.
Сонымен қатар, Мохебби АҚШ президенті Дональд Трамптың Вашингтон мен Ислам революциясы Сақшылар корпусы өкілдері арасында жасырын келіссөздер жүргізіліп жатыр деген мәлімдемесін ресми түрде жоққа шығарып: «Трамптың ойдан шығарған қиялдары оған ұрыс алаңында көмектеспейді. АҚШ президенті үшін тығырықтан шығатын жалғыз жол — жеңілгенін мойындап, Иранның шарттарын орындау»,-деді.
АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін, бейсенбі, 20 тамыз күні Truth Social әлеуметтік желісінде Иранға қарсы ауқымды экономикалық соғыс басталғанын жариялап: «Бүгін мен ең жойқын экономикалық операцияны бастайтынымды жариялаймын. Бұл бұрын-соңды болмаған ауқымдағы экономикалық соғыс және оқшаулау болады», — деп жазды.
Сонымен қатар, Дональд Трамп Иранды қолдайтын немесе онымен бизнес жүргізетін кез келген елге орасан зор санкция салынатынын ескертті.



















