НАТО-ның келесі Бас хатшысы Нидерланды Премьер-министрі Марк Рютте болады.
Еуразия Тудейдің Politico басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, Марк Рюттенің жалғыз қарсыласы Румыния Президенті Клаус Йоханнес 20 маусым күні Альянс елдеріне өзінің кандидатурасын алып тастайтынын хабарлады.
Клаус Йоханнес өтінішін қайтарып алғаннан кейін Марк Рютте бұл қызметке жалғыз үміткер болды. Осылайша, Солтүстік Атлантикалық Альянс (НАТО) Нидерланды Премьер-министрі Марк Рюттені НАТО-ның Бас хатшысы ретінде сайлады.
Рютте ұйымның қазіргі Бас хатшысы Йенс Столтенебергтің орнына келеді. Йенс Столтенебергтің мерзімі қазан айында аяқталады.
Кеше, 20 маусымда Рюттенің кандидатурасын Альянстың барлық 32 мүшесі қолдады. Дегенмен ол бұл қызметке ресми түрде тек шілде айында Вашингтонда өтетін НАТО-ның келесі саммитінде тағайындалады.
Марк Рюттені соңғы қолдаған елдер — Словакия мен Венгрия. Нидерланды Премьер-министрінің НАТО-ның Бас хатшысы ретіндегі өкілеттігі қызметіне кіріскеннен кейін бес жылға созылады.
Марк Рютте 2010 жылдан бері Нидерланды Премьер-министрі қызметін атқарып келді. Оның халықаралық саясатта тәжірибесі мол.



















