АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында пана іздеушілердің қайыр сұрауына байланысты шағымдар санының көбеюінен кейін елде жаңа шешім қабылданды.
Kz.eurasiatoday.ru агенттігінің The New York Post газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ-та пана іздеушілердің қайыр сұрауы көбейіп, шағымдар жиілеген.
Осыған орай, қалада мигранттар үшін коменданттық сағат енгізілуіне шағымдар себеп болған.
Газетте жарияланған материалда Нью-Йоркте енгізілген бұл шектеудің Квинс, Манхэттен және Бруклин қалаларында жүрген мигранттарға да қатысы бар екені айтылған.
Шешім негізінде мигранттар түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін қаланың ішінде болуы қажет.
Елдегі жаңа шешім негізінде тәртіп бұзушы мигранттарды елден шығару да қарастырылған.
2023 жылғы мамыр айында migrationpolicy.org сайтының жариялаған ресми мәліметтері бойынша, АҚШ-та шамамен 11 миллион 47 мың заңсыз мигрант бар.
Жалпы, АҚШ-тан пана тапқан мигранттар саны Америка халқының 26 пайызын құрайды деген дерек бар.
Болжам бойынша, 2065 жылға қарай халықтың жалпы санындағы мигранттардың үлесі 36 пайызға дейін өседі.




















