Украина президенті Владимир Зеленский кеше, 13 желтоқсанда Норвегияға сапармен барды.
Украинаның «Европейская правда» агенттігінің мәліметінше, Зеленскийдің Норвегияға сапары туралы хабарды Норвегия үкіметінің баспасөз қызметі жариялады.
Зеленский сапар барысында Норвегия Премьер-министрі Йонас Гар Стеремен кездесті. Йонас Гар Стере кездесуде Норвегия Украинаны Ресейдің агрессиялық күресінде одан әрі қолдауға ниетті екенін жеткізді.
Норвегия Премьер-министрі Осло Украинаға мектеп жүйесі мен денсаулық сақтау сынды мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ету үшін 3 миллиард норвегиялық крон, шамамен 273 миллион доллар бөлетінін айтты.
Украина президенті Владимир Зеленский Норвегияға сапары барысында Украина-Солтүстік Еуропа саммитіне қатысады және саммит аясында Дания, Исландия, Финляндия және Швеция басшыларымен, сондай-ақ Норвегия королі Харальд V-мен кездеседі. Бұл жөнінде Владимир Зеленский өзінің Telegram арнасында мәлім етті.
Айта кетсек, Владимир Зеленскийдің шетелдік сапары 10 желтоқсанда Аргентина президенті Хавьер Милейдің инаугурациясына қатысудан басталды. Артынша Украина президенті АҚШ-қа сапар шегіп, АҚШ президенті Джо Байденмен кездесті.



















