Өзбекстан мен Моңғолия арасында жан-жақты әріптестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойылды.
Еуразия Тудейдің Өзбекстан Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ұлан-Батыр қаласында өткен жоғары деңгейдегі келіссөздер қорытындысы бойынша Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев пен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух бірлескен декларацияға қол қойды.
Сонымен қатар екі ел Президенттерінің қатысуымен өсімдіктер карантині және қорғау, жоғары білім, тау-кен өнеркәсібі, қоршаған ортаны қорғау, қылмыстың алдын алу және оған қарсы күрес, денсаулық сақтау, спорт салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдер мен екі елдің мұрағат мекемелері арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.
Сондай-ақ, Өзбекстанның Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі және Моңғолияның Экономика және даму министрлігі мен Сыртқы істер министрліктері арасында 2026–2027 жылдарға арналған, Өзбекстан Мәдениет министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар министрлігі арасында 2025–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламалары мен екі ел арасында ауыл шаруашылығы, экотуризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша әріптестік жоспарларына қол қойылды.



















