2023 жылғы 26-27 сәуірде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов бастаған делегация «Орталық Азия – Қытай» Cыртқы істер министрлерінің төртінші кездесуіне қатысу үшін Қытай Халық Республикасының Сиань қаласына барды.
«Орталық Азия – Қытай» министрлер кездесуі барысында Өзбекстан мен аймақ елдері және Қытай арасындағы саясат пен дипломатия, өзара байланыс, сауда, көлік, жасыл энергетика, мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылды жандандырудың жаңа мүмкіндіктері туралы мазмұнды пікір алмасу болды. Тараптар Ауғанстандағы жағдайды және аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты басқа да мәселелерді талқылады.



















