Өзбекстандық студенттер үшін Чехияның жетекші университеттерінде білім алу квоталары ұлғаяды.
Бұл мәселеге 25 сәуірде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ташкентке ресми сапармен келген Чехия Республикасының Премьер-министрі Петр Фиала бастаған үкіметтік делегацияны қабылдауында назар аударылды.
Өзбекстан Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша кездесуде Өзбекстан-Чехия қарым-қатынастарын одан әрі дамытудың және екі ел арасындағы басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты тереңдетудің өзекті мәселелері талқыланды.
Гуманитарлық алмасуды кеңейтуге, оның ішінде өзбек студенттерінің Чехияның жетекші университеттерінде білім алуына арналған квоталарды ұлғайтуға және мәдени іс-шаралар бағдарламасын қабылдауға ерекше назар аударылды.
Айта кету керек, Чехия Өзбекстанның маңызды еуропалық серіктесі. Биыл екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.
Соңғы бірнеше жылда өзара сауда көлемі екі есеге, бірлескен кәсіпорындар мен жобалар саны 2,5 есеге өсті.


















