Израильдің бұрынғы Премьер-министрі Трамптың Иранға шабуыл жасаудан қорыққанының себебін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Израильдің бұрынғы Премьер-министрі Эхуд Ольмерт Трамптың Иранға шабуыл жасаудан неге қорыққаны туралы жауабында шабуыл Американың ішкі жағдайын қиындатып жіберетіндігіне алаңдағандықтан жасамағанын мәлімдеді.
Эхуд Ольмерт былай деді: «Нетаньяхудың асыра сілтеп сөйлеген сөзі біздің қауіпсіздігімізге ештеңе қоспайды және оның ешқандай қажеттілігі де жоқ. Мұндай мәлімдемелер тек үміт тудырып, бүкіл халықтың мазасыздануына себеп болады.
Мен Израиль Иранға превентивті шабуыл жасайды деп ойламаймын. Біз өз мүмкіндіктерімізді асыра бағалап, Иранды теңселте аламыз деп ойламауымыз керек. Америка да бұл мәселеде екіұдай күйде болды, оның себебі Иранға шабуыл жасау Американың ішкі жағдайын қиындатып жіберетіндігінде еді.
Тіпті Нетаньяхудың өзі Иранға шабуыл жасау үшін төлейтін құнымыздың өте ауыр болатынын біледі. Біздің мықты тұстарымыз жоқ. Бірақ негізсіз үрейге бой алдырудың да қажеті жоқ», — деді.
Эхуд Ольмерт Нетаньяхудың Иранға шабуыл туралы бос сөзін күлкіге айналдырып: «Олар таңертеңнен кешке дейін Иранның шабуыл жасау ықтималдығымен әлек болып жатыр, тіпті адамдар көшеде жүргенде де алаңдайтын деңгейге жетті. Нетаньяхудың мәлімдемелері халықты ешбір негізсіз қорқыныш пен үрейге бой алдырды. Израильдің қазіргі билеуші коалициясы — бар болғаны қуыршақтардың тобы», — деді.
















