Оман Сұлтаны Иранмен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға дайын екенін қуаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Құрбан айт мерекесі қарсаңында Оман Сұлтаны Хайсам бин Тарик Иран Президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлесіп, Иран Үкіметі мен халқын осы ұлық мейраммен құттықтап, халқына амандық, өркендеу және бақыт тіледі.
Оман Сұлтаны сұхбат барысында Иран Ислам Республикасының Президентімен Маскаттағы жуырдағы кездесулер мен келіссөздерге қанағаттанғанын разашылықпен айтып, екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын қуаттады. Сондай-ақ, Хайсам бин Тарик мұндай кездесулер мен кеңесулерді жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.
Сұлтан Хайсам Тегеранда Иран мен Оманның жоғары лауазымды тұлғаларының жақын арада кездесуіне үміт артатынын білдірді.
Президент Пезешкиан Оман Сұлтанынан жылы лебіздері үшін алғыс айтып, жуырда Маскатқа барған сапарында көрсеткен қонақжайлылығын жоғары бағалады. Ол екі ел арасында қол жеткізілген келісімдердің тиімділігін айтып, Оман Сұлтанының қолдауымен олардың тез арада жүзеге асатынына сенім білдірді.
Сондай-ақ, Пезешкиан Оман Сұлтанын Тегеранға келуге шақырып, бұл кездесуге дайын екенін баса айтты.

















