Оңтүстік Корея Өзбекстанға ғарыш аппараттарын жасау және ғарыш саласына білікті кадрлар даярлауда қолдау көрсетеді.
Еуразия Тудейдің Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша тиісті келісім 7 сәуірде АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында өткен халықаралық ғарыштық симпозиум аясында Кореяның Аэроғарыш басқармасы (KASA) мен Өзбекстанның «Өзбеккосмос» агенттігі арасында жасалды.
Құжатта спутниктерді әзірлеуге көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар ғарыш саласындағы өзбек мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастық та қарастырылған.
Сонымен қатар, тараптар ғарыш саласының түрлі аспектісі бойынша тәжірибе және озық технологиялармен алмасуға өзара ниет білдірді.















