Ормұз бұғазының бақылауы толығымен Иран Қарулы күштерінің қолында.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Ислам Республикасының Беларусьтегі елшісі Әлиреза Санеи мәлімдеді.
Әлиреза Санеи: «Ормұз бұғазының бақылауы толығымен Ислам Республикасы Қарулы күштерінің қолында. Бұған қайшы мәлімдемелер қоғамдық пікірді адастыруға бағытталған. Әсіресе, бұл АҚШ-тың энергетика нарығын бақылауға алу әрекеті болып табылады», -деді.
Санеидің айтуы бойынша, Америка Құрама Штаттары Иранға шабуыл жасап, аймақтың геосаяси картасын Вашингтон мен Тель-Авивтің мүддесіне сай өзгертпек болған.
Елші: «Соғыстан аймақтың геосаяси картасы өзгергенін мойындау керек. Бірақ бұл Ормұз бұғазының Иран бақылауына өтуімен жүзеге асты. Өзгеріс Иран Ислам Республикасы мен Иранның қайсар халқының пайдасына шешілді. Біздің жауларымыз ірі стратегиялық жеңіліске ұшырады», — деді.
Мұның алдында Ислам Республикасы Қарулы күштерінің өкілі Мохаммад Акбарзаде Ормұз бұғазы Ислам Республикасы Әскери-теңіз күштерінің толық бақылауында екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, осы бағыт арқылы өтуге әрекеттенген кез келген кемеге Иран зымырандары немесе ұшқышсыз ұшу аппараттары тарапынан шабуыл жасалу қаупі бар.

















