Пәкістан Сыртқы істер министрлігі Тегеран мен Вашингтонды қарулы қақтығысты тоқтатуға және даулы мәселелерді шешу үшін келіссөздерді қайта бастауға шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Тахир Андраби мәлімдеді. Тахир Андраби шиеленісті келіссөз үстелінде шешу қажеттігін атап айтып: «Пәкістан тараптарды зорлық-зомбылықты тоқтатуға және өзара түсіністік туралы меморандум аясында техникалық келіссөздерді қайта бастауға шақыруын жалғастыра береді», – деді.
Пәкістанның араағайындығымен қол қойылған Иран мен АҚШ арасындағы өзара түсіністік меморандумына сәйкес, Тегеран мен Вашингтон соңғы мәмілеге келу үшін Иранның ядролық бағдарламасының болашағына қатысты 60 күндік техникалық келіссөздер жүргізуді жоспарлаған болатын.
60 күндік мерзім 17 тамызда аяқталуы тиіс еді. Алайда шілде айының басында АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияларды қайта бастауға шешім қабылдап, уақытша бітімнің күші жойылғанын жариялады. Ал өткен аптада АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Майк Уолтц Иранның ядролық бағдарламасына қатысты сарапшылар деңгейіндегі келіссөздер әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді.



















