Палестина араб және ислам мемлекеттері мен халықаралық қауымдастықты Газа секторының өткелдерін дереу ашуға шақырды.
Сонымен қатар Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының аймақтағы ашаршылық қаупі туралы ескертуіне қатысты шынайы әрекет етуді сұрады
Палестина Сыртқы істер министрлігі жексенбі күні мәлімдеме жариялап, сионистік режимді Газаның өткелдерін дереу ашуға мәжбүрлеуді сұрады.
Палестина СІМ мәлімдемесінде: «Біз тараптардың барлығынан Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының Газа аймағында ашаршылық қаупі туралы ескертуіне барынша байсалды қарауды сұраймыз» деді.
Палестина СІМ сонымен қатар Газа секторында ашаршылықтың күшеюі мен кеңеюіне қатты және шынайы алаңдаушылық білдіріп, бұл жағдай табыс көзінің жоқтығы мен толығымен гуманитарлық көмектерге тәуелділігіне байланысты көбісі босқынға айналған екі миллионнан астам палестиналықтың жанына қатер төндіріп тұрғанын ескертті.
Палестина Сыртқы істер министрлігі Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының қалған шағын азық-түлік қоры таусылып бара жатқан жағдайда Газа тұрғындарының өміріне төніп тұрған қауіп туралы байсалды ескертуіне халықаралық қауымдастықтың жауап беруінің маңыздылығын баса айтты.
Бұл министрлік араб, ислам, аймақтық және халықаралық барлық тарапты тез арада әрекет етуге және басқыншы режимді өткелдерді тез арада ашуға мәжбүрлеу үшін саяси және гуманитарлық барлық ықпалдарын пайдалануға шақырды.
Палестина Сыртқы істер министрлігі мәлімдеменің соңында Газадағы күшейіп келе жатқан гуманитарлық апатты тоқтатуға көмектесетін гуманитарлық көмектің дереу және тұрақты ағынын қамтамасыз етуге шақырды.
Мұның алдында БҰҰ-на қарайтын Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Газадағы отбасылардың келесі тамақтың қайдан келетінін білмейтінін мәлімдеген болатын.
Бұл аймақтың толық қоршауда қалғанына жеті аптадан асты.
Осы ұйым барлық тараптан әскери емес азаматтардың қажеттіліктеріне басымдылық беріп, гуманитарлық сала қызметкерлерін қорғап, Газаға гуманитарлық көмектің шұғыл енуіне рұқсат беруді сұраған болатын.
















