Палестина мемлекетінің басшысы Махмуд Аббас Газа секторындағы әл-Ахли ауруханасына израильдік әуе шабуылдары құрбандарын еске алу үшін үш күндік аза тұту жариялап, қайғының белгісі ретінде туларды жартылай түсіруді бұйырды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Газа секторындағы әл-Ахли ауруханасына жасалған шабуыл салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны 800-ден асқан.
Газа секторындағы ауруханада болған жарылыс бүкіл әлемнің назарына ілікті.
Әл-Ахли ауруханасындағы жарылыстан кейін Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың көптеген елдерінде Палестинаны қолдайтын ереуілдер орын алды.
Палестинаны қолдау акциялары Теһран, Ыстамбұл, Бейрут, Бағдадта өткен.
Газа секторындағы әл-Ахли ауруханасына айуандықпен шабуыл жасағаннан кейін Ирак, Сирия, Ливан мен Иордания Палестина халқына тілеулестік білдіріп, өз елдерінде үш күндік аза тұту жариялады.



















