Палестиналықтардың бір тобы АҚШ Мемлекеттік департаментін Израильді қолдағаны үшін сотқа берді.
Еуразия Тудейдің The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, палестиналықтар бұл федералды органды АҚШ-тағы адам құқықтары туралы заңды әдейі елемей, Израиль жасаған қылмыстарға қаржылай және әскери қолдау көрсетуді жалғастыруда деп айыптады.
Алғаш рет бұл шағымда адам құқықтарының бұзылуы туралы сот ісінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің Израильдің кем дегенде бір қауіпсіздік бөліміне санкция салмауына күмән келтіретіні айтылған.
Талапкерлер Лихи заңына (The Leahy Law) сілтеме жасап, АҚШ-тың әрекеттерін адам құқықтарын өрескел бұзу деп атады.
Лихи заңы АҚШ-қа адам құқықтарын өрескел түрде бұзғаны анықталған жағдайда шетелдік қауіпсіздік күштерінің бөлімшелеріне көмек көрсетуге тыйым салады.


















