Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Мохаммад Ислами АҚХА басшысының осы ұйымның бейтараптығын сақтауы керектігін баса айтты.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Мохаммад Ислами АҚХА-нің тек арандатушылық түрде Иранның міндеттемелеріне сілтеме жасап, қарсы тараптың міндеттемелерін атамауына қатысты пікір білдіріп, халықаралық орган бейтараптығын сақтап, өзін кәсіби ұстауы керектігін қуаттады.
Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы кеше, сәрсенбі күні министрлер кабинетінің отырысынан кейін сөйлеген сөзінде АҚХА бас директоры Рафаэль Гроссидің жуырдағы мәлімдемесіне пікір білдіріп, агенттік өзінің бейтараптығын сақтап, кәсіби түрде әрекет етуі керектігін мәлімдеді.
Мохаммад Ислами БҰҰ-да 6 ай сайын өткізілетін шарада 2231 қарарды қарастыратын уақыт келгеніне тоқталып: “Бұл қарардың екі аспектісі бар: Иранның санкцияларды алып тастаудың орнына сенімді нығайту үшін шектеулерді қабылдауы және екінші тараптың міндеттемелерді орындауы”, -деді.
Мохаммад Ислами Атом қуаты халықаралық агенттігінің басқа тараптардың міндеттемелерін орындамауына мән бермей, тек Иранға ғана назар аудару тәсілін айыптады.
Ислами сөзінің соңында АҚХА-ның бас директоры Рафаэль Гросси тәжірибелі дипломат ретінде халықаралық стандарттарды ұстанады деген үміт білдірді.


















