Иран Президенті Масуд Пезешкиан жолдауында өз анттарына адалдығын қуаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан бұл туралы шәһид Сейед Хасан Насролланы жерлеу рәсіміне байланысты жолдауында мәлімдеді.
Кеше, 23 ақпан күні Президент Пезешкиан Бейрутта шәһид Сейед Хасан Насролланы жерлеу рәсіміне байланысты X әлеуметтік желісінде араб және парсы тілдерінде хабарлама жариялап: “Ливанның ұлы халқы өзінің барлық ержүрек ұлдарымен, әсіресе шәһид Сейед Хасан Насролла мен Сейед Хашем Сафиаддинмен мақтануға лайық. Олар — Алла жолында шәһид болғанға дейін антына адал болып, үмбеттің намысын қорғаған батырлар.
Біз берген антымызға адалмыз”-деді.
Ливандағы Хезболла ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла мен оның орынбасары Сейед Хашем Сафиаддиннің денелері кеше, 23 ақпан күні Ливанның оңтүстігінде жерленді.
Хасан Насролла Хезболланы отыз жылдан астам уақыт басқарды.

















