Иран президенті Масуд Пезешкиан Тегеранның әлемнің барлық елімен синергия құруға ұмтылатынын баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Президенті Масуд Пезешкиан жаңа елшілердің сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Пезешкиан әлемнің барлық елімен бейбітшілікті, тұрақтылықты, тыныштықты дамыту жолында ынтымақтастық және синергия құру қажеттігін баса айтты.
Масуд Пезешкиан кеше, жексенбі, 10 тамыз күні Эфиопияның, Эстонияның, Джибутидің, Лаостың, Камбоджаның, Бурундидің, Латвияның, Мьянманың және Непалдың Тегерандағы жаңа елшілерінен сенім грамоталарын қабылдап, жауапты қызметтеріне табыс тіледі.
Иран Президенті Тегеранның аты аталған елдермен саяси, экономикалық, сауда, мәдени, ғылыми және технологиялық салаларда қарым-қатынасты кеңейтуге дайын және мүдделі екенін айтты.
Масуд Пезешкиан: “Жердегі адамдар мәңгілік емес. Сондықтан біз бейбітшілікті, тұрақтылықты, тыныштықты және барлығы үшін әл-ауқатты дамыту жолында өзара әрекеттесу, ынтымақтасу және синергия құруымыз керек”, — деді.

















