Иран Президенті Масуд Пезешкиан Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуінде Ислам елдерінің жарқын болашағын олардың бірлік орнатуға бағытталған күш-жігерімен байланыстырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Масуд Пезешкиан Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы аясында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті.
Пезешкиан кездесуде: «Аймақта үлкен ортақ нарық құру және академиялық, ғылыми және экономикалық алмасулар Ислам әлемінің ұлылығын әлемге таныта алады. Ислам елдерінің жарқын болашағы біздің арамызда бірлік орнатудың сәтті күш-жігеріне байланысты. Мұндай бірліктің нәтижесінде біз ешқашан Газа секторында болып жатқан қылмыстардың куәсі болмаймыз «,-деді.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Пезешкианның аймақтық байланыс желісін құру туралы ұсынысын өте құнды деп атады.
Масуд Пезешкиан жексенбі, 22 қыркүйек күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясына қатысу және Ислам Республикасының халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарын баяндау үшін елінің жоғары деңгейлі саяси делегациясын бастап, Нью-Йоркке келді.



















