Португалия Палестина мемлекетін ресми түрде мойындауға шешім қабылдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Португалия Палестинаны мемлекет ретінде ресми түрде мойындайды.
Португалияның Сыртқы істер министрлігі Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде ресми түрде тану ертең жексенбі күні жүзеге асырылатынын хабарлады.
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: «Сыртқы істер министрлігі Португалияның Палестина мемлекетін мойындайтынын растайды. Бұл туралы министр Пауло Рангел осы аптада жариялады. Тану туралы ресми мәлімдеме жексенбі, қыркүйектің 21-і, келесі аптада өтетін Жоғары деңгейдегі конференция алдында болады», — деп жазылған.
Португалия Сыртқы істер министрі Пауло Рангел бұл туралы Лондонда Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Иветт Купермен кездесуден кейін баспасөз өкілдеріне берген сұхбатта айтты.
Айта кетейік, бұл БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі конференциясы алдында іске асады. Онда Еуропаның тоғыз мемлекеті, соның ішінде Франция да Палестинаны мойындайтынын жариялайды.
Франция мен Португалиядан басқа Палестинаны Андорра, Австралия, Бельгия, Канада, Люксембург, Мальта, Ұлыбритания және Сан-Марино сияқты елдер де таниды.
Еске салайық, бұл хабар Франция Президенті Эммануэль Макрон елі Палестинаның тәуелсіз мемлекеттігін алдағы дүйсенбі күні БҰҰ-да ресми танитынын мәлімдегеннен кейін жарияланды.

















