Каспий теңізіндегі жаттығуларда әскерилердің қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп жатқан жеделхаттарда шетел көшбасшылары осынау қиын сәтте Қазақстан халқымен бірге екенін жазған.
Сонымен қатар қазақстандықтардың ауыр қайғысына ортақтасып, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына көңіл айтты.
Көңіл айту жеделхаттарын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Илхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Сербия Президенті Александр Вучич, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті То Лам, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымның жетекшілері жолдады.
Қазақстан Президенті халықаралық қоғамдастықтың жұбаныш сөзі мен қолдауына ризашылығын білдірді.














