Парсы шығанағы Ынтымақтастық Кеңесінің Бас хатшысы аймақта тыныштық қажеттігін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Джассем Мұхаммед әл-Бадауи аймақтағы жуырдағы оқиғалар, соның ішінде АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына тікелей шабуылы шиеленісті күшейткенін баса айтты.
Ол бұл әрекеттер аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсер ететінін айтып: «Ынтымақтастық кеңесі осы ұйым Министрлер кеңесінің 48-ші кезектен тыс отырысының мәлімдемесінің аймақтағы оқиғаларға қатысты ережелеріне баса назар аударып, аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төндіретін кез келген нәрсені қатаң айыптайды»,-деді.
Әл-Бадауи сондай-ақ тез арада атысты тоқтатып, жағдайды тыныштандыру үшін барлық тараптың бірлескен күш-жігер жұмсауы қажеттігін айтты.

















