Иран Ислам кеңесі мәжілісінің спикері Мохаммад Бақер Қалибаф пен СІМ Сейед Аббас Арақчи Бейрутте Хезболланың Бас хатшысы шейх Наим Қасимммен кездесті.
Еуразия Тудейдің Al-Manar ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлауынша, Қалибаф пен Арақчи Ливанға Хасан Насролла мен Һашем Сафиддинді жерлеу рәсіміне қатысу үшін келген. Олар Тегеранға аттанар алдында Қасиммен кездесіп, сұхбаттасты.
Тараптар сұхбат барысында Ливанның ішкі жағдайы мен аймақ пен халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесуге сонымен қатар Бейруттегі Иран Ислам Республикасының Елшісі Моджтаба Амани де қатысты.
Ливан Хезболласының шәһид Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла мен осы қозғалыстың Атқарушы кеңесінің шәһид басшысы Сейед Һашем Сафиддинмен ресми қоштасу рәсімі кеше, жексенбі, ақпанның жиырма үші күні Бейруттегі «Камил Шамун» спорт кешенінде өтті.
Рәсімге Иран тарапынан Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф, ИИР Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи, Ислам революциясы Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының орынбасары контр-адмирал Әли Фадави, Ислам революциясының жетекшісі мен мен осы ел Мәжілісінің өкілдері, сонымен қатар ирандық дипломаттар қатысты.
















