Қазақстанның Тегерандағы Елшісі Оңталап Оңалбаев Иран Ислам Республикасы президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохберге сенім грамоталарын табыс етті.
Еуразия Тудейдің ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, кездесу барысында Оңталап Оңалбаев Иран президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохберді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.
Cондай-ақ, Қазақстанның Тегерандағы Елшісі екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі жандандыру қажеттігіне мүдделік танытты.
Әңгіме барысында Иран президентінің міндетін атқарушы Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты дамыту Иранның сыртқы саясатының басымдықтарының бірі болып табылатынын мәлімдеді.
Мохаммад Мохбер Иран Қазақстанмен достық және тату көршілік байланыстарды одан әрі нығайтуға және кеңейтуге ерекше назар аударатынын жеткізді.
Кездесу соңында Иран Ислам Республикасы президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер Қазақстанның Ирандағы елшісін дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, екіжақты байланысты одан әрі нығайту және кеңейту мақсатында жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 26 наурыздан бастап Оңталап Оңалбаевты Қазақстанның Ирандағы Елшісі лауазымына тағайындады.
Оңталап Оңалбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Оңталап Оңалбаев парсы және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.


















