Қазақстан мен Әзірбайжан экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мақсатында тауар айналымын 1 млрд долларға дейін жеткізу ниетін растады.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бұл туралы Астанаға ресми сапармен келген Әзірбайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен жүргізген келіссөздер барысында мәлімдеді.
Кездесу барысында саясат, сауда, экономика, энергетика, көлік, транзит, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымы талқыланды.
Әзірбайжан министрінің сапары Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы Стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар туралы шарттың 20 жылдығы (2005 жылғы 24 мамыр) аясында өтті.












