Қазақстан мен Австрия елде заңсыз жүрген азаматтарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімге қол қойды.
Еуразия Тудейдің Polisia.kz. сайтындағы мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша Астанада Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы үкіметтері арасында елде заңсыз жүрген азаматтарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімге қол қойылды.
Құжатқа Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Қазақстандағы Австрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Андреа Бахер қол қойды.
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі әзірлеген келісім елде заңсыз жүрген азаматтарды қабылдау және транзиттеу мәселелерінде тараптардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл Екіжақты келісім қиын жағдайда құжатсыз қалған азаматтардың соттан тыс тәртіппен отанына оралуына мүмкіндік береді. Олардың реадмиссиялау процесін жеңілдетіп, ұзаққа созылатын бюрократиялық кедергілерді жояды.
















