Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркістан қаласын бейбіт келіссөздер өткізу алаңы ретінде ұсынуға дайын екенін растады.
Еуразия Тудейдің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Ермек Көшербаев кеше, бейсенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчимен телефон арқылы сөйлескен кезінде айтты. Тараптар сұхбат барысында Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Ермек Көшербаев Аббас Арақчиге Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей Қазақстан Түркістан қаласын бейбіт келіссөздер өткізуге алаң ретінде ұсынуға дайын екендігін растады.
Иран Сыртқы істер министрі Тегеранның аймақ елдеріндегі басқыншылардың базалары мен нысандарына қарсы қорғаныс операцияларының жалғасып жатқанын айтып, аймақтағы барлық елдің өз аумақтары мен мүмкіндіктерін басқыншылық әрекеттер үшін пайдалануға жол бермеу жөніндегі жауапкершілігін қуаттады.
Ермек Көшербаев пен Аббас Арақчи екіжақты қатынастың өзекті мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға уағдаласты.


















