Алматыда, Алматы және Ұлытау облыстарында діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен қазақстандық бес азамат ұсталды.
Еуразия Тудейдің ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша осы жылдың 7 қарашасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық прокуратурасының үйлестіруімен және полиция органдарының қатысуымен Алматыда, Алматы және Ұлытау облыстарында діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 қазақстандық азаматты ұстады.
Бұдан бөлек, тыйым салынған ұйымның әрекетіне қатысқандығы белгілері бойынша 17 адамға «шығуға болмайтындығы туралы қол қою» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған.
Фигуранттардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды.
Аталған адамдардың төртеуінің бұрын экстремистік қылмыстар жасағаны үшін соттылығы болған, ал тоғызына тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысуға жол берілмейтіні туралы ресми ескертулер берілген.

















