«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы Иорданияның мемлекеттік уран компаниясымен (JUMCO) Корольдіктің уран жобаларына қатысуы туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.
Еуразия Тудейдің Үкімет сайтындағы мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл туралы Амман қаласында өткен Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысында мәлім болды.
Қазақстан мен Иордания уранды қосқанда, геологиялық барлау және пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын қуаттады.
Айта кетейік, ҚР СІМ баспасөз қызметіндегі мәлімет бойынша 2023 жылғы 1 тамызда Амманда Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Туматов Иорданияның Атом энергиясы жөніндегі комиссиясының төрағасы Халед Туканмен кездескен болатын.
Тараптар кездесуде Қазақстан Республикасы мен Иордания Хашимит Корольдігі арасындағы атом энергетикасы саласындағы, оның ішінде уран өндіру және өңдеу мәселелері бойынша ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Иордания тарапы Корольдіктегі уран кен орындарын игеруде Қазақстанның «Қазатомпром» ұлттық компаниясымен ынтымақтастық орнатуға, осы салада бірлескен зерттеулер жүргізуге, тәжірибе және білім алмасуға жоғары қызығушылық танытты.
















