Өзбекстан мен Ресей президенттері телефон арқылы сұхбатта Сирия мен Украина төңірегіндегі жағдай жөнінде пікір алмасты.
Еуразия Тудейдің Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі жариялаған мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша, кеше, 11 желтоқсанда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев пен Ресей Президенті Владимир Путин телефон арқылы сұхбатта Өзбекстан мен Ресей қарым-қатынасын одан әрі дамыту және нығайту мәселелерін, сондай-ақ Ресей Президентінің 2024 жылғы мамырда Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Сұхбат барысында өзара тауар айналымының өсімін қамтамасыз етуге, өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы кооперациялық жобаларды жеделдету, Өзбекстан мен Ресей аймақтары мен іскерлік ұйымдары деңгейінде белсенді байланыстарды жалғастыруға бағытталған өзара үйлестірілген шараларды қабылдаудың маңыздылығы аталды.
Сонымен қатар,тараптар инновациялар, жасанды интеллект, білім беру және медицина салаларындағы ынтымақтастықтың артып жатқанын қанағаттанушылықпен хабарлады.
Кремльдің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ел басшылары Сирия мен Украина төңірегіндегі қазіргі жағдай туралы да пікір алмасты.



















