Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев Қазақстан Республикасына ресми сапармен келді.
Еуразия Тудейдің ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Жээнбек Кулубаевтың сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен қырғыз-қазақ стратегиялық серіктестігі мен одақтастықтың өзекті мәселелері бойынша шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жоспарланған.
Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевтың Қазақстан Республикасына ресми сапары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің шақыруымен жүзеге асуда.
Айта кетейік, сапар 2025 жылғы қаңтар айының 10-11 күндеріне жоспарланған.

















