Қытай Шыңжаң аймағында, Ауғанстан және Пәкістанның бақылауындағы Кашмирмен шекаралас маңда жаңа аудан құрды.
«Сэнлинг» деп аталатын бұл аудан Қарақорым тау жотасына жақын және Ауғанстанның стратегиялық Уахан дәлізіне іргелес орналасқан.
«Уахан дәлізі» — Ауғанстанның шығысындағы Бадахшан провинциясының Уахан ауданында орналасқан тар жер алқабы. Бұл Памир, Уахан және Пяндж өзендерінің аңғарларындағы ұзындығы шамамен 295 шақырым, ені 15-тен 57 шақырымға дейін жететін биік таулы аймақ.
Уахан дәлізі Ауғанстанды Қытаймен байланыстырады. Бұл Бейжің үшін ерекше қауіпсіздік әрі стратегиялық маңызға ие. Қытайдың бұл әрекеті елдің шекара қауіпсіздігін нығайту жөніндегі талпыныстарының бір бөлігі ретінде бағалануда.
















