Қытай өкілі елінің Ауғанстанға саяси және экономикалық салаларда қолдау көрсетуді жалғастыратындығына уәде берді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Қытайдың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Юэ Сяоюн Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Сыртқы істер министрі Моулави Амир Хан Моттақимен кездесуде мәлімдеді.
Тараптар саяси қарым-қатынасқа, экономикалық ынтымақтастық пен өзара мүдделерге негізделген екіжақты байланысты одан әрі дамыту мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.
Ауғанстан Сыртқы істер министрі Қытайға Ауғанстан Ислам Әмірлігіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, экономика секторындағы қазіргі өзгерістерді екі ел арасындағы жарқын болашақ үшін жақсы бастама деп атады.
Юэ Сяоюн кездесу барысында өз елінің тату көршілестік қағидасына сәйкес Ауғанстанға саяси және экономикалық салаларда қолдау көрсетуді жалғастыратындығына уәде берді.















