Қытай Сыртқы істер министрі Ван И бүгін, тамыздың он бірі күні Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақеримен телефон арқылы сөйлесуінде Иранды өзінің егемендігі, қауіпсіздігі және ұлттық ар-намысын қорғауда қолдайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Рейтер агенттігіне сілтеме хабарлауынша, Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери Канимен телефон арқылы сөйлескен кезде Бейжің егемендігін, қауіпсіздігі және ұлттық намысын қорғауда Тегеранды қолдайтынын айтты.
Қытай Сыртқы істер министрі осы телефон арқылы сұхбатта Хамас қозғалысының бұрынғы басшысы Исмаил Ханиенің 31 шілдеде өлтірілуін айыптап, бұл шабуылдың Иранның егемендігін бұзып, аймақ тұрақтылығына қауіп төндіргенін айтты.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Ванг Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери Каниге Ханиенің шәһид болуының Газа секторындағы атысты тоқтату келіссөздер үрдесін тікелей әлсіретіп, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіргенін айтты.
















