Жапонияның қорғаныс министрі Қытай әскери-теңіз күштері бірлескен оқу-жаттығуға қатысу үшін Тынық мұхитының тереңіне алғаш рет екі ұшақ тасығышын жібергенін хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Жапонияның қорғаныс министрі журналистерге Қытайдың әуе кемелерінің Токиодан оңтүстікке қарай 750 миль қашықтықта орналасқан Иво-Дзима аралының шығысында өздерінің жойғыш ұшақтарының ұшып, қону амалдарын жүзеге асырып жатқаны байқалғанын айтқан.
Ол сенбі күні басталған бірлескен оқу-жаттығуды Жапония теңіз флоты бақылап отырғанын айтты.
Бұл Қытайдың екі белсенді ұшақ тасығышы — Ляонин және Шаньдун және олардың ілеспе кемелері Тынық мұхитындағы жапон аралдарынан тыс жерде алғаш рет бірге жұмыс істеді.
Қытайдың бұл әскери кемелері Жапонияның шекарасынан өту арқылы дағдарыс жағдайында Тынық мұхитының батыс бөлігін бақылау үшін Токиоға ғана емес, сонымен бірге оның ең үлкен одақтасы АҚШ-қа да қарсы тұра алатын қабілетін көрсетуде.













