ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Эр-Рияд қаласына ресми сапары барысында бірқатар құжатқа қол қойылды.
Мұрат Нұртілеу сапар барысында Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Саудия Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 6-шы отырысына қатысты. ҮАК жұмысы аясында бірқатар құжатқа қол қойылды.
Атап айтсақ, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында дипломатиялық және қызметтік/арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату жөнінде үкіметаралық келісімге келді. Сонымен қатар Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар Қазақстанның Даму Банкі мен Сауд Арабиясының экспорттық-импорттық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумына қол қойылудың нәтижесінде Қазақстан Сауд Арабиясында инновациялық хаб ашуға мүмкіндік алды.
Сауд Арабиясы – Қазақстанның сенімді серіктесі. Қол қойылған бірқатар құжат – екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттырудың тағы бір жолы. Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Королдігі арасындағы дипломатиялық қатынас 1994 жылғы 30-сәуірде орнатылды.
Сауд Арабиясы Королдігі араб және мұсылман мемлекеттерінің алғашқыларының бірі болып, Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылғы 30-желтоқсанда мойындады.



















