Ауғанстанның уақытша үкіметі қазан айынан бастап осы уақытқа дейін Ауғанстанға 800 мыңнан астам заңсыз босқын оралғанын мәлімдеді. Ауғанстанның уақытша үкіметінің ресми өкілі Забиулла Муджахидтың айтуы бойынша, Ауғанстанға оралған босқындардың көбісі Пәкістаннан келген.
Сондай-ақ Ауғанстанға оралғандар арасында Иран мен Түркиядан келгендер да бар.
Пәкістан 4 қазанда барлық заңсыз босқындар 1 қарашаға дейін елден кетуі керек деген бұйрық берді. Сол уақытта он мыңдаған ауғандық Пәкістаннан шығып, отанына оралуға мәжбүр болды.
Ауғандықтар елдегі соғыс пен тәліптердің қысымынан құтылу мақсатында жылдар бойы көрші Пәкістанды паналаған.
Пәкістан үкіметінің мәліметінше, елде 4,4 миллионға жуық Ауғанстаннан келген босқын бар және олардың 1,7 миллионы заңсыз.
Исламабадтың елден босқындарды шығару туралы шешімі Ауғанстанмен шекара бойындағы шиеленістердің күшеюінен кейін қабылданды. Пәкістанның ішкі істер министрі Сарфараз Ахмед Бугтидің айтуы бойынша, шешім қабылданған сәттен осы уақытқа дейін Ауғанстанға 482 мыңнан астам заңсыз босқын қайтарылды.


















