Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон 18 қыркүйекте АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті.
Тәжікстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Рахмон мен Гутерриш Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясының жалпы дебаттары аясында кездесті.
Кездесу барысында Тәжікстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы және оның институттары арасындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Ұйымның Бас Ассамблеясының 78-сессиясының жалпы дебатының күн тәртібі талқыланды.
Кездесу барысында тараптар әлемдік қоғамдастықтың көптеген саяси, экономикалық, әлеуметтік және қауіпсіздік мәселелері, оның ішінде геосаяси шиеленіс, қарулы қақтығыстар, терроризм мен экстремизм қаупі, экономикалық және қаржылық дағдарыстар, климаттың өзгеруі туралы пікір алмасты.
Көрші Ауғанстандағы жағдайға қатысты Тәжікстан өзінің барлық логистикалық мүмкіндіктерін, соның ішінде осы елмен шекаралас 6 көпірді өз халқына гуманитарлық көмек көрсету үшін ұсынып отырғаны баса айтылды. Шекара базарларының қайтадан жұмыс істей бастағаны атап өтілді. Көрші елге электр энергиясы, азық-түлік, құрылыс материалдары экспортталады.
Тәжікстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша 18 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы және «Орталық Азия-АҚШ» мемлекет басшыларының кездесуіне қатысу үшін Америка Құрама Штаттарына келді.


















