Түркияның Refah партиясының депутаты Мехмет Ашила АҚШ базаларын жауып, Израильге мұнай жеткізуді тоқтатуға шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Мехмет Ашила: “Айыптаулар уақыты өтті. АҚШ базалары жабылуы керек. Израильді қорғайтын Кюреджик жабылуы керек. Израильге мұнай жеткізуді тоқтату керек”,- деп мәлімдеді.
Мұның алдында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Израильдің әрекеті аймақтың қауіпсіздігі мен жалпы бейбітшілікке нұқсан келтіретінін, қақтығысты тек келіссөз арқылы шешуге болатынын айтты.
Сондай-ақ, Президент Ердоған Иранның Израильдің заңсыз шабуылдарынан өзін-өзі қорғауы табиғи әрі заңды екенін мәлімдеді.
Түркия Президенті тағы бір сөзінде Беньямин Нетаньяху басшылығымен Израильдің аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне ең үлкен қауіп төндіретінін Иранға шабуыл жасау арқылы тағы көрсеткенін айтты.
Дегенмен, Түркия Президентінің бұл мәлімдемелерін тек саяси тұрғыдан ғана қарауға болады, себебі Түркия мен Әзірбайжан билігі Израильді қажетті отынмен қамтамасыз етуді жалғастыруда.



















