Ресей Араб Республикасы жаңа басшысының Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадты экстрадициялау өтінішін қанағаттандырмады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Сирияның уақытша басшысы Ахмед аш-Шараа The New York Times газетіне берген сұхбатында айтты.
Еске салайық, үстіміздегі жылдың қаңтар айында Сирияның жаңа билігі Ресей басшылығынан Сирияда ресейлік әскерлердің құзырын сақтаудың шартымен биліктен тайдырылған президент Башар Асадты экстрадициялауды сұраған болатын. Бірақ Кремль одан бас тартты.
Аш-Шараа Ресейдің бұл әрекетіне қарамастан, Сирия әкімшілігінің Ресеймен қарым-қатынасын үзуге ниеті жоқ екенін қуаттады. Ол сириялық қару-жарақтың басым бөлігі Ресейде өндірілгенін және бұл ел негізінен ресейлік азық-түлік пен қуат көздеріне тәуелді екенін еске салып: «Біз Сирияның осы негізгі мүдделерін ескеруге міндеттіміз», — деді.
Башар Асад режимі 2024 жылдың желтоқсан айының сегізі күні құлады.













