Ресей Сириядағы зорлық-зомбылықтан қашқан тоғыз мыңға жуық бейбіт әләуи Ресейдің Хмеймим әуе базасын паналағанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Хмеймим — Сириядағы Ресейдің әскери базаларының бірі.
Мәскеу Башар Асад билігінің құлағанына қарамастан бұл әуе базасын сақтап қалуға үміттенеді.
Мария Захарова тілшілерге сириялық босқындарды паналату мәселесі өмір мен өлім мәселесі екенін мәлімдеді.
Ресей СІМ өкілінің айтуы бойынша, бұл адамдардың көпшілігі — әйелдер мен балалар.
Reuters агенттігінің Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығына сілтеме жасап мәлімдеуінше, соңғы шабуылдардан жүздеген бейбіт әләуи қаза тапқан.
Ұлыбританияда орналасқан Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы жұма және сенбі күндері әлеуилерге 30-ға жуық шабуыл жасалғанын хабарлады.
Шабуыл салдарынан жүздеген адам үйлерін тастап кеткен.
Әләуиттер — шииттік исламның бір тармағы. Олар Сирия халқының шамамен 10 пайызын құрайды.
















