Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин Иранның Мәскеудегі елшісі Казем Джалалимен әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары генерал Александр Фомин мен Иран Ислам Республикасының Мәскеудегі елшісі Казем Джалали екіжақты әскери ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерсін, оларды жүзеге асыру келешегін талқылап, Оңтүстік Кавказдағы жағдай жөнінде пікір алмасты.
Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары кездесуде Казем Джалалиге екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс айтты.
Өз кезегінде Казем Джалали Ресей мен Иран арасындағы әскери саладағы ынтымақтастықтың жоғары динамикасы мен қарқындылығын атап айтты.
Тараптар Мәскеу мен Тегеран арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара бейілділіктерін растады.



















