Ресей мен Қытай Америка Құрама Штаттары мен Иранның Пәкістандағы келіссөздерін жалғастыруды қолдайтынын мәлім етті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы бүгін, 15 сәуірде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Бейжіңде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Сергей Лавров: «Біз Қытаймен бірге келіссөздердің жалғасуын, тараптардың халықаралық заңдарға сәйкес заңды құқықтарын толық ескере отырып, шынайы әрі әділ мақсаттарды алға жылжытуын табанды түрде қолдаймыз», — деді.
Сергей Лавров Ресей мен Қытайдың бұл дипломатиялық үдерісті қолдаудың түрлі форматына дайын екенін атап айтты.
Бейжіңге ресми сапармен барған Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин бүгін, сәрсенбі, 15 сәуір күні Халық жиналысы үйі ғимаратында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Лавров Ресей Президенті Владимир Путиннің Қытайға ресми сапары 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өтетінін мәлімдеді.

















