Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Сириядағы лаңкестерді АҚШ пен оның одақтастары қолдайтынын баса айтты.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя сейсенбі күні Қауіпсіздік Кеңесінің Сириядағы жағдайға арналған шұғыл отырысында Сириядағы лаңкестерді АҚШ пен оның одақтастары қолдап отырғанын мәлімдеді.
Василий Небензя Америка Құрама Штаттары атақты «Ақ дулыға» өкілін осы отырысқа ешкіммен кеңесусіз қатысуға шақырғанын баса айтты.
Василий Небензя сонымен қатар, Украинаның әскери және барлау кеңесшілерінің Сирияда болуын, сондай-ақ, «Хайат Тахрир аш-Шам» күштерінің қарулануы мен жаттығуларын бірнеше мәрте ескертіп, сынға алғандарын еске салды: “Украина Қарулы күштерінің Бас штабы Идлибтегі лаңкестерді қаруландырып, оларды ұшқышсыз ұшатын аппараттармен қамтамасыз етті. Сирияда лаңкестік шабуылды жасаған «Хайат Тахрир аш-Шам» мүшелері Украинаның арнайы қызметтері оларға қолдау көрсеткенін ашық жариялады”,- деді.



















