Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екі күндік сапармен сәрсенбі күні кешке Солтүстік Кореяға келді.
Лавров КХДР-ға сапар барысында КХДР СІМ басшысы Цой Сон Химен кеше, 19 қазан күні келіссөздер жүргізді.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров соңғы рет КХДР-ға 2018 жылдың мамыр айының соңында барған. Сондай-ақ министр 2009 және 2004 жылдары Пхеньянда болған.
Сергей Лавров КХДР-ға сапары Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуінен бірнеше апта өткен соң орын алып отыр.
Айта кетсек, 12 қыркүйек күні Корей халық-демократиялық республикасы мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ресейге келіп, ертеңінде Амур облысындағы «Шығыс» космодромында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездескен болатын.



















