Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Оман Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидимен Иран төңірегіндегі жағдайды талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров кеше, 8 ақпан күні Оман Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидимен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар сұхбат барысында Иран төңірегіндегі жағдайды Оманның араағайындығымен Масқат қаласында өткен Иран мен Америка Құрама Штаттары өкілдері арасындағы жанама келіссөздер аясында талқылады.
Сонымен қатар, Сергей Лавров пен Бадр Әл-Бусаиди қарулы қақтығыс қаупін азайтуға және аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізетін өзара тиімді шешімдерді табу үшін диалогты жалғастыруды ілгерілету қажеттігін қуаттады. Сергей Лавров Оман басшылығының бұл бағыттағы күш-жігерін жоғары бағалады.
Әл-Бусаиди 6 ақпан күні Иран мен АҚШ делегациялары Масқатта Иранның ядролық бағдарламасы бойынша өте маңызды келіссөздер жүргізгенін, тараптар бұл үдерісті жалғастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Ол сондай-ақ, келіссөздің тараптардың ұстанымдарын нақтылау мен алға ілгерілеу мүмкіндіктерін анықтау үшін пайдалы болғанын атап айтты.



















