Ресей Сыртқы істер министрлігі Лондонның ресейлік әскери атташесін елден шығару туралы шешіміне жауап ретінде британдық әскери атташені елден шығарылғанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің Reuters ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ресей Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде Ұлыбританияның Мәскеудегі елшілігі жанындағы әскери атташенің бір аптаның ішінде Ресей аумағынан шығуы талап етілген.
Сонымен қатар мәлімдемеде Ресейдің осыған байланысты қосымша қадамдар жасайтыны туралы айтылады. Алайда нақты қандай қадамдар екені егжей-тегжейлі айтылмаған.
Мәлімдеменің бір бөлігінде: «Британдық тараптың 8 мамыр күнгі достыққа жат және Ресейге қарсы әрекеттеріне біздің реакциямыз бұл әрекетпен аяқталмайды. Шиеленісті күшейтудің бастамашыларына одан әрі әрекет ету шаралары туралы хабарланатын болады», делінген.
Осыдан сегіз күн бұрын Ұлыбритания үкіметі ресейлік әскери атташені елден шығарылатынын және ресейлік дипломаттарға виза беруге шектеу енгізетінін мәлімдеп, бұны «Мәскеудің Ұлыбританияғы зиянды қылығының» салдары деп түсіндірді.



















