Леонид Слуцкий бастаған Мемлекеттік Думадағы ЛДПР депутаттары көші-қон ағындарын шектеуге бағытталған заң жобасын ұсынды.
Еуразия Тудейдің РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Мемлекеттік Думадағы ЛДПР депутаттары мигранттарға қатысты заң жобасында Ресейге еңбек келісімі негізінде жұмыс істеуге келетін шетел азаматтарына отбасымен келуге тыйым салуды қарастырылған. Мұндай шаралар мигранттардың бақылаусыз ағынынан туындайтын бірқатар әлеуметтік мәселелер негізінде қабылданған. Құжат авторларының түсіндіруінше, құжат шетелдік жұмысшылардың Ресейге келген отбасы мүшелері мен туыстарының топтасып тұруы, жергілікті мәдениет пен тілді елемей өз тілінде сөйлеуі секілді қоғамда шиеленістерге әкелетін жағдайлардың орын алуына байланысты ұсынылған.
Cондай-ақ, мигранттар отбасымен баспана жалдап, коммуналдық қызметтерді төлемей, өте ірі сомада қарызды қалдырып кетіп жатқан жағдайлар да көп болған.
Леонид Слуцкийдің айтуы бойынша, мигранттардың отбасы оларды өз елінде күтуі керек, ал мигранттар келіп жұмыс істеп, үйлеріне қайтуы керек. Аталмыш заң жобасында Ресейде еңбек келісімі немесе патент негізінде жұмыс істейтін төменгі квалификациядағы мамандар жөнінде айтылған. Шектеу жоғары білікті мамандардың отбасыларына қатысты емес. Заң қабылданған жағдайда, бұл өзгеріс Ресейдегі көші-қон процестері мен әлеуметтік-экономикалық жағдайға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.



















