Ресейдің Махачкала қаласында жойқын жарылыс болып, 35 адам көз жұмды. Көз жұмғандар арасында үш бала бар.
Тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні Дағыстанның астанасы Махачкала қаласындағы жанармай құю бекеті маңында жарылыс болды. Өрт бекеттегі жанармай толы цистерналарға жетіп, артынша жарылыс қайталанған.
Ресей ТЖ мәліметі бойынша жарақат алғандар саны 105 адамды құрайды.
Махачкаланың медицина мекемелері күшейтілген режимге ауыстырылды. РФ Денсаулық министрлігі Махачкаладағы ауруханаларда төсек-орын жеткілікті екенін айтты.
Республика аумағында 15 тамыз қаралы күн болып бекітілді.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қайғылы оқиғаға дейін жанармай бекеті иесіне бірнеше мәрте қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін айыппұл салынған көрінеді.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыған.



















