Ресейдің футзалдан ерлер және әйелдер құрамалары қазан айында Иран құрамаларымен жолдастық екі кездесу өткізеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ресей футбол одағы Telegram арнасында мәлім етті.
Ресейдің футзалдан ерлер және әйелдер құрамалары мен Иран командаларының барлық ойыны Тула қаласында 16 және 18 қазан күндері өтеді.
Бұл кездесулер қос құрама арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, спорттық байланысты дамытуға бағытталған.
Айта кетейік, 2025 жылдың сәуір айында Таиландта өткен халықаралық турнир аясында Ресей мен Иранның ерлер құрамалары кездесті. Кездесуде Ресей құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.


















